БІР

lat: BİR / 561/

есім. «Белгісіз біреу», «әйтеуір бір нәрсе», д.м. белгісіздік есімдік .

Қап-қара көзді бір қыз бар,

Қашпаңдар қара бояудан!

Аспанда жарық жұлдыздар

Қап-қара түнде оянған (1,171).

Шекарада бір жер бар Сүмбе деген

Оны мен көрмеген ем, білмеген ем.

Сезем бірақ, Сүмбенің байлығына,

Көз алартып қарайды іргедегі ел (1,276).

Сеніменен, ардақтым, жүздескенде,

Өткен шақты өмірден іздескенде,

Көкейімнен кетпейді бір ой менің,

Түзде туып, не жетсін түзде өскенге (3,248).